Қазақстандық теннисші “ UniCredit Czech Open” турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Жүлде қоры 100,6 мың евроны құрайтын бұл байрақты бәсекеде Юрийдің командалас серігі Евгений Королев Италия спортшысы Флавио Киполлаға есе жіберді.

АТР рейтингінде 159 сатыда тұрған Юрий Шукин ширек финалда 13-орында тұрған Ресей теннисшісі Михайл Южныйдан басым түскен болатын. Қазақстан теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда Ю. Шукиннің ендігі қарсыласы өзінен 102 сатыға алда келе жатқан чех Радек Штепанек болмақ.