Жарияланды: 410

Қазақстандық теннисші «UniCredit Czech Open» турының жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Юрий Щукин 4 маусым күні Чехияның Простежов қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы «UniCredit Czech Open» турнирінің жеңімпазы атанды.

ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, жүлде қоры 106,5 мың евроны құрайтын бұл дүбірлі доданың ақтық сынында Юрий итальяндық Флавио Киполланы (6:4, 4:6, 6:0), жартылай сында жарыс қожайыны Радек Штепанекті (3:6,6:3,6:4) ұтқан еді. Оған дейін ширек финалда ресейлік Михайл Южныйды, 1/8 финалда италияндық Филиппо Воландриді, ал 1-мачта ресейлік Константин Кравчукты тізе бүктірді. Жалпы АТР рейтингінде Юрий 159-шы, Флавион 114-ші, Радек 57-ші, Михайл 17-ші, Филиппо 86-шы, Константин 158-ші орында тұр. Осы жеңісінен кейін қазақстандық теннисші 125 рейтингтік ұпайға ие болып, АТР рейтингінде 137-ші сатыға көтерілді. Бұл оның биылғы маусымдағы алғашқы, ал спортшылық мансабында «Челенджер» сериясындағы 8-ші туры.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін