Жарияланды: 510

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Астанада өтіп жатқан қыздар арасындағы Astana women's атты кәсіби теннис сайыстарында бірінші айналымға шықты

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Астанада өтіп жатқан қыздар арасындағы Astana women's атты кәсіби теннис сайыстарында бірінші айналымға шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Ресей, Грузия, Түркия, Украина, Австрия, Румыния, Германия, Қырғызстан, Беларусь, Израиль және Өзбекстаннан спортшылар қатысуда. Сайыстардың сыйлық қоры - $25 000. Елімізден оған Зарина Диас, Камилла Рафкат, Валентина Старкова және Майя Маралбаева сынды жас теннисшілер қатысуда. Сайыстар 23 қарашада аяқталады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін