Жарияланды: 480

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Астанада өтіп жатқан қыздар арасындағы Astana women's атты кәсіби теннис сайыстарында жеңіске жетті

Астана. 24 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Астанада өтіп жатқан қыздар арасындағы Astana women's атты кәсіби теннис сайыстарында жеңіске жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Ресей, Грузия, Түркия, Украина, Австрия, Румыния, Германия, Қырғызстан, Беларусь, Израиль және Өзбекстаннан спортшылар қатысты. Сайыстардың сыйлық қоры - $25 000 болды. Елімізден оған Зарина Диас, Камилла Рафкат, Валентина Старкова және Майя Маралбаева сынды жас теннисшілер қатысты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін