Қазақстандық теннисші жұптық сында "Baku Cup" турнирінің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші жұптық сында "Baku Cup" турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші жұптық сында "Baku Cup" турнирінің ширек финалына шықты

Теннистен Әзірбайжанда өтіп жатқан "Baku Cup" турнирінде жұптасып өнер көрсетуде қазақстандық Галина Воскобоева мен румыниялық Моника Никулеску ширек финалға шықты.

  • 20 Шiлде 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

Кеше олар грузин спортшылары Татья Микадзе мен София Шапатавадан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Галина бұған дейін София Шапатавамен дүйсенбі күні алғашқы айналымдағы жекелей сында кездесіп, оны 6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгін ол екінші айналымдағы екінші кездесуін өткізбек.

Жалпы бұл байрақты бәсекенің жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайды. Оны жарыстың негізгі кестесінде жекелей сында бақ сынаған — 32 және жұптық сайыста өнер көрсеткен 16 жұп өзара бөліседі.

Соңғы жаңалықтар