Қазақстандық теннисшілер алғаш рет "Ролан Гаррос" ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисшілер алғаш рет "Ролан Гаррос" ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер алғаш рет "Ролан Гаррос" ширек финалына шықты

 

  • 6 Маусым 2021
  • 402
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Бублик дуэті голландиялық Весли Колхоф пен Жан-Жюльен Роже жұбын жеңіп, қазақстандық теннис тарихында тұңғыш рет Франция ашық біріншілігінің ширек финалына шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды. Осы уақыт ішінде Андрей мен Александр 8 брейк-пойнттың екеуін орындай алды.

Бублик пен Голубев "Ролан Гаррос" ширек финалында Хьюго Нис (Монако)/Тим Пюц (Германия) — Ромен Арнеодо (Монако)/Бенуа Пэр (Франция) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.


Айта кетейік, бүгін, 6 маусымда "Ролан Гаррос" кортына Елена Рыбакина шығады. Қазақстандық теннисші америкалық Серена Уильямспен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар