Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин ATP St. Petersburg Open сериялы XIV халықаралық турнирге табысты қатысуда
Алматы. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин ATP St. Petersburg Open сериялы XIV халықаралық турнирге табысты қатысуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Федерация мәліметінге, А. Голубев квалификациядан өтіп, сайыстың басты сеткасына шықты. Бірінші матчта ол бельгиялық Оливье Рохусты 6:1, 6:4 санымен жеңді.
Бүгін ол танымал ресейлік теннисші Марат Сафинмен күш сынасады. АТР рейтингінде ол 31-ші орында.
Ал Михаил Кукушкин бүгін Румыния спортшысы Виктор Ханескумен ойнайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін