Жарияланды: 360

Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2013 сайысының алғашқы айналымынан аса алмады

Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2013 сайысының алғашқы айналымынан аса алмады

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Австралияның ашық чемпионаты «Үлкен Шлем» турниріндегі алғашқы айналымында америкалық Винус Уильямске жол берді.

Апалы-сіңлілі Уильямстердің үлкені Галинаға қарсы сайысты айқын басымдылықпен өткізіп, біздің жерлесімізге тек бір геймді ғана беріп қойды. Осылайша Винус Уильямс Галина Воскобоеваға еш мүмкіндік қалдырмай, екінші партияны «6:0» есебімен аяқтады. Енді келесі кезекте Уильямс франциялық Ализа Корнеге немесе жаңа зеландиялық Марина Эраковичке қарсы ойнайды. Бұдан бөлек тағы бір қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева Мельбурндегі осынау турнирде қытай қызы На Лиден айласын асыра алмады. Бұнда да бірінші сетте На Ли 6:1 есебімен айқын басымдық танытқан болатын. Ал екінші сетте жерлесіміз Каратанчева қанша қарсылық танытқанымен, әккі қытайлық тәжірибесінің молдығымен тағы да ұтып, екінші айналымға өтті. Теннис. Australian Open-2013. Мельбурн Әйелдер. Жеке разряд. 1-і айналым: Винус Уильямс (АҚШ) - Галина Воскобоева (Қазақстан) - 6:1, 6:0; На Ли (Қытай) - Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 6:1, 6:3.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін