Қазақстандық төрт боксшының үшеуі келесі айналымға өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық төрт боксшының үшеуі келесі айналымға өтті

Қазақстандық төрт боксшының үшеуі келесі айналымға өтті

 

  • 12 Тамыз 2016
  • 1348
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов және Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында кезекті жекпе-жектерін өткізді. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

56 келі салмақ дәрежесіндегі Қайрат Ералиев Әзербайжандық Джавид Чалабиевпен қолғап түйістірді. Қайрат алғашқы екі раундта айқын басымдық танытты. Ал үшінші раундта шаршап қалғаны байқалды. Дегенмен жеңісті қолдан берген жоқ. Қарсыласының соққыларынан қорғанудың шеберлігін көрсеткен Қайрат көрерменнің қошеметіне ие болды. Келесі жекпе-жекте оны өзбек боксшысы Муроджон Ахмадалиев күтіп тұр.

64 келі салмақта команданың ең жас боксшысы 19 жастағы Абылайхан Жүсіпов ағылшын Пэт Маккормакпен сайысқа шықты. Қарағанды бокс мектебінің түлегі қарсыласымен тең дәрежеде ойын өрнегін көрсетті. Әлдеқайда тәжірибелі әлем чемпионы Маккормак аздаған артықшылықпен ғана жеңіске қол жеткізді. Дегенмен жас боксшы Абылайхан Жүсіпов болашағының зор екенін көрсетті.


Команда капитаны Данияр Елеусінов тағы бір ағылшын боксшысы Джош Кэллимен шаршы алаңда жолықты. Өз салмағындағы әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі саналатын Данияр қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Алғашқы жекпе жегін 3:0 есебімен жеңген Елеусінов ширек финалға өтті.

Ал 81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов Белорусь елінің спортшысы Михаил Даухалявецпен жұдырық түйістірді. Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ниязымбетов қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Осылайша үш боксшымыз келесі кезеңге өтті. Барлығы қазақстандық жеті былғары қолғап шебері сайысты одан ары жалғастырады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар