Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

Ережеге сәйкес, жекпе-жек өткізген спортшылар денсаулығы қалпына келгенше рингке шықпауы тиіс.

  • 31 Шiлде 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық боксшылар Әли Балоев (6-0, 5 КО), Искандер Харсан (4-0, 4 КО) және Асхат Жантұрсынов (1-0, 1 КО) АҚШ-тағы жеңістерінен кейін жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді, деп хабарлады Sports.kz.

Ережеге сәйкес, жекпе-жек өткізген спортшылар денсаулығы қалпына келгенше рингке шықпауы тиіс. Яғни, енді Балоев пен Жантұрсынов 5 тамыздан кейін, ал Харсан 7 тамыздан кейін ғана жекпе-жек өткізе алады.   

Естеріңізге сала кетейік, Балоев Остинде (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Ричард Уркисоны (3-4-2, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жасөспірімдер арасындағы бірінші ауыр салмақта бос тұрған NABF чемпионының белбеуіне ие болған еді. Искандер Харсан мексикалық Мануэль Рубалькаваны (4-28, 0 КО) нокаутқа түсірді, ал Асхат Жантұрсынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Питт Рейнді мерзімінен бұрын жеңді, АҚШ өкілі де кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.  

Соңғы жаңалықтар