Қазақстандық велошабандоз А.Кашечкин «Астанаға» оралғысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық велошабандоз А.Кашечкин «Астанаға» оралғысы келеді

Қазақстандық велошабандоз А.Кашечкин «Астанаға» оралғысы келеді

«Тур де Франс» турнирінің 9-шы кезеңінде «Pro Team Astana» командасының велошабандозы Александр Винокуров жарыс жолында құлап қалып,

  • 12 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

жамбас сүйегін сындырып алғаннан кейін, қазақстандық танымал велошабандоз Андрей Кашечкин «Астана» командасының қатарына оралып, өз мансабын жалғастыруға ниет білдірді. Андрей қазір итальяндық «Lampre» командасының атынан өнер көрсетіп жүр.

А.Кашечкин «Астанаға» оралу туралы ниетін өзінің фан-клубының сайтында жариялаған. Бұрын «Астана» велокомандасының қатарында өнер көрсеткен А.Кашечкин жарақат алып қалған А.Винокуровқа өзінің қолдауын жеткізіп, тезірек жазылуына тілек білдірді.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, А.Винокуров Тур де Франстың 9-шы кезеңінде құлап қалып, жамбас сүйегін сындырып алған болатын. Команда көшбасшысының жарыс жолынан шығып қалуы жалпыкомандалық есепке әсерін тигізетіні сөзсіз. А. Винокуров жалпы есепте 11-ші болып және көшбасшы Team Garmin-Cervelo командасының өкілі норвег Тор Хушовдқа небәрі 32 секунд есе жіберіп келе жатқан. «Астана» командасында А.Винокуровтан кейінгі үздік көрсеткіш француз Реми Ди Григорионікі, бірақ ол норвегтен 13 минут 51 секундқа қалып, 69-шы орында келе жатыр, сондықтан да одан үлкен үміт күтуге негіз жоқ.

Соңғы жаңалықтар