Жарияланды: 440

Қазақстандық волейболшы қыздар "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дак Лак қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында "Вьетнам телевидениесі кубогы" халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Шілденің 9-ы күні басталған бұл жарысқа 8 елден 9 команда қатысуда. Онда Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстанның жастар құрамасы "А" тобында, ал Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайланд және Вьетнам-2 командалары "В" тобында өнер көрсетті. Қазақстандықтар топтық кезеңдегі алғашқы 2 ойында Солтүстік Корея (25:8, 25:10,25:18) мен Вьетнам-1 (25:16, 25:11,25:15) командаларына 3:0 есебімен есе жіберген еді. Кеше соңғы кездесуде Австралия волейболшыларын (21:25, 25:23, 25:17, 25:22) 3:1 есебімен ұтты. Бүгін барлық командалар тынығып жатыр. Енді 15-16 шілде күндері олар жүлделі орындарды өзара сарапқа салатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін