Қазақстандық Ярослава Шведова әлемнің 15-ші ракеткасын жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Ярослава Шведова әлемнің 15-ші ракеткасын жеңді

Қазақстандық Ярослава Шведова әлемнің 15-ші ракеткасын жеңді

Бүгін қытайлық Ухань қаласында өтіп жатқан Donfeng Motor Wuhan Open турнирінің екінші айналымдық матчтары өтті.

  • 27 Қыркүйек 2016
  • 485
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Ярослава Шведова екінші кезеңде италиялық Роберта Винчимен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 7:5, 6:2. Әлемнің 15-ші ракеткасына қарсы өткен кездесу 1 сағат, 13 минутқа созылды.

Ярослава енді турнирдің үшінші айналымында әлемнің бесінші ракеткасы румыниялық Симона Халеппен кездеседі, Лондон Олимпиадасында Шведова оны бірінші айналымда жеңген болатын.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан аталмыш турнирдің жүлдеқоры 2 589000 АҚШ долларын құрайды.


Соңғы жаңалықтар