Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында ерлер арасында да, әйелдер арасында да үздік бестікке енді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында ерлер арасында да, әйелдер арасында да үздік бестікке енді

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында ерлер арасында да, әйелдер арасында да үздік бестікке енді

Қытайдағы Хайкоуда 1-4 қараша күндері жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтті.

  • 5 Қараша 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz


Оған ерлер арасында — 20, әйелдер арасында — 13 команда қатысқан болатын. Қазақстан намысын бұл бәсекеде әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұптары қорғаған еді. Алексей мен Александр ширек финалда ирандықтарға, Татьяна мен Ирина жарыс қожайындарына ұтылып, 5-ші орын алды. Ал 1/8 финалда командалас достарына есе жіберген Александр мен Дмитрий 9-шы орынды қанағат тұтты. Жалпы есепте ерлер арасында австралиялықтар Азия чемпионы атанды, ал Қытай мен Индонезия спортшылары күміс және қола жүлдені иеленді. Әйелдер арасында қытайлықтар алтын және қола жүлдені, вануатулықтар күміс жүлдені еншіледі.

Соңғы жаңалықтар