Жарияланды: 390

Қазақстандық жасөспірім волейболшылар Азия чемпионатының үздік ондығына ену үшін таласады

Иранның Тегеран қаласында волейболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІХ Азия чемпионатында қазақстандықтардың ондыққа ену мүмкіндігі бар.

Олар топтық сында жүлделі орынға таласу мүмкіндігін қолдан шығарып алып, 9-11 орындар сарапқа салынған ойында Түрікменстан құрамасынан 3:2 (21-25, 18-25, 25-19, 25-13, 15-9) есебімен басым түсті. Олар Австралия мен Түрікменстан командалары арасындағы ертеңгі кездесудің жеңімпазымен сәрсенбі күні бақ таластырып, 9-ыншы орынға таласатын болады. Ал сейсенбіде Қытай мен Шри-Ланка, Иран мен Таиланд, Оңтүстік Корея мен Үндістан, Жапония мен Тайпей ширек финалдың сайыстарын өткізеді. Одан кейін сәрсенбіде жартылай, ал бейсенбі күні ақтық кездесулер болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін