Қазақстандық жасөспірім волейболшылар Азия чемпионатының үздік ондығына ену үшін таласады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жасөспірім волейболшылар Азия чемпионатының үздік ондығына ену үшін таласады

Қазақстандық жасөспірім волейболшылар Азия чемпионатының үздік ондығына ену үшін таласады

Иранның Тегеран қаласында волейболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІХ Азия чемпионатында қазақстандықтардың ондыққа ену мүмкіндігі бар.

  • 29 Қазан 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Олар топтық сында жүлделі орынға таласу мүмкіндігін қолдан шығарып алып, 9-11 орындар сарапқа салынған ойында Түрікменстан құрамасынан 3:2 (21-25, 18-25, 25-19, 25-13, 15-9) есебімен басым түсті.

Олар Австралия мен Түрікменстан командалары арасындағы ертеңгі кездесудің жеңімпазымен сәрсенбі күні бақ таластырып, 9-ыншы орынға таласатын болады. Ал сейсенбіде Қытай мен Шри-Ланка, Иран мен Таиланд, Оңтүстік Корея мен Үндістан, Жапония мен Тайпей ширек финалдың сайыстарын өткізеді. Одан кейін сәрсенбіде жартылай, ал бейсенбі күні ақтық кездесулер болады.

Соңғы жаңалықтар