Қазақстандықтар көкпардан әлем чемпионатында Ауғанстан командасын ойсырата жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар көкпардан әлем чемпионатында Ауғанстан командасын ойсырата жеңді

Қазақстандықтар көкпардан әлем чемпионатында Ауғанстан командасын ойсырата жеңді

Қазақстандық команда көкпардан әлем чемпионатына үш ай бойы дайындалды

  • 22 Тамыз 2017
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қазақстан командасы көкпар бойынша әлем чемпионатында Ауғанстаннан келген қарсыластарынан 9:2 есебімен басым түсіп, бірінші ойынды жеңді.

"Бүгін біз бірінші ойынды ойнап, Ауғанстан командасының мұнша күшті болатынын күтпедік. Күштерін жақсы көрсетті. Олардың аттары отандықпен бірдей болды, оны мойындау керек. Қазақстандық команда элиталық деп саналады. Азия чемпионы ғой дегенмен. Өз тәжірибесін көрсетті", — деді Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың аға бапкері Қанағат Сүйебаев.

Қанағат Сүйеубаевтың атап өтуінше, қазақстандық шабандоздар чемпионатқа үй ай бойы қарқынды дайындалған. Отандық команданың құрамында 12 адам бар. Олардың ең жасы 20 жаста, ал ең тәжірибелісі – қырықта.

"Команда үздіктерден қалыптастырылды. Көкпар үшін қырық жас – нағыз шыңы. Ата-бабаларымыз елді 60 және 70 жасында қорғаған. Құрамда төрт шабуылшы, алты қорғаушы және екі ортадағы болады. Әр қайсысы өз қызметін атқарады. Оларға сәйгүлік таңдалады", — деп қосты Қанағат Сүйебаев.


 

Соңғы жаңалықтар