Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open-2013 турнирінің бірінші айналымынан аса алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open-2013 турнирінің бірінші айналымынан аса алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open-2013 турнирінің бірінші айналымынан аса алмады

Қазақстанның үздік теннисшісі Ярослава Шведова Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австрия ашық чемпионаты «Үлкен шлем» турнирінің екінші айналымына өте алмады.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 325
Фото - Caravan.kz

Турнирдің бірінші айналымдағы матчында 25 жастағы жерлесіміз Я. Шведова кортта 18 жастағы Германия өкілі Анника Бекпен бақ сынасқан. WTA рейтингінде 28-ші орында тұрған Я. Шведова 71-ші орындағы Анника Бектен айласын асыра алмады.

Ойынның сетін сәтсіз бастаған жерлесіміз тек екі геймде ғана ұтып, партияны 2:6 есебімен аяқтаған. Екінші сет аса тартысты өтіп, партиядағы жеңімпазды анықтау үшін тай-брейк беріліп, онда Шведова қарсыласын 9:7 есебімен жеңген еді. Ал шешуші кезеңді салмақты бастаған Қазақстанның бірінші ракеткасы бастапқыда айқын басымдылық танытқанымен, оны ойын аяғына дейін ұстап тұра алмады. Есеп 6:3 — неміс ракеткасы Анника Бектың пайдасында.