Қазақстанның ерлер құрамасы Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында бірінші жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ерлер құрамасы Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында бірінші жеңіске жетті

Қазақстанның ерлер құрамасы Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында бірінші жеңіске жетті

Алматы. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ерлер құрамасы Германияның Дрезден қаласында басталған Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында бірінші жеңіске жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Қазақстандықтар Палестина құрамасын 3,5:0,5 санымен жеңді. Біздің құрамада Майкл Юнис Кристианды тізе бүктірген Павел Коцур, Мойсса Алаа-Эддайннан басым түскен Әнуар Есмағамбетов, пен Исан Явадты жеңген Нұрлан Ыбыраев көзге түсті.

Нұртас Қажғалиев пен Евгений Ерменков өз партияларында тең түсті. Енді біздің шахматшылар Грузия құрамасымен сайысқа түседі.

Ал Қазақстанның қыздар құрамасы сайыстың бірінші күні Венгрия құрамасынан 0,5:3,5 санымен жеңіліп қалды. Тек Айгерім Рысбаева ғана өз партиясында тең түсті.

Енді еліміздің қыздары Индонезия құрамасымен ойнайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар