Жарияланды: 440

Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында келесі кезеңге шықты

Алматы. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында келесі кезеңге шықты. Кезең сайыстары 5 - 8 ақпанда Норвегияда өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстанның хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Эстонияда өткен олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында алдымен Испанияның ұлттық құрамасын 17:0 санымен ойсырата жеңді. Келесі күні Қазақстан құрамасы Эстония құрамасын 7:0, ал кейін Голландия құрамасын 7:2 санымен тізе бүктірді. Олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарының келесі кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегия, Дания және Франция құрамаларымен ойнайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін