Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында келесі кезеңге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында келесі кезеңге шықты

Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында келесі кезеңге шықты

Алматы. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында келесі кезеңге шықты. Кезең сайыстары 5 - 8 ақпанда Норвегияда өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстанның хоккей федерациясына сілтеме жасап.

  • 10 Қараша 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Қазақстан құрамасы Эстонияда өткен олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарында алдымен Испанияның ұлттық құрамасын 17:0 санымен ойсырата жеңді. Келесі күні Қазақстан құрамасы Эстония құрамасын 7:0, ал кейін Голландия құрамасын 7:2 санымен тізе бүктірді.

Олимпиадалық турнирдің іріктеу сайыстарының келесі кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегия, Дания және Франция құрамаларымен ойнайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар