Қазақстанның грек-рим күресінен сынға түскен балуаны Әсет Мәмбетов Пекиндегі Олимпиаданың қола жүлдегері болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның грек-рим күресінен сынға түскен балуаны Әсет Мәмбетов Пекиндегі Олимпиаданың қола жүлдегері болды

Қазақстанның грек-рим күресінен сынға түскен балуаны Әсет Мәмбетов Пекиндегі Олимпиаданың қола жүлдегері болды

Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның грек-рим күресінен 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен балуаны Әсет Мәмбетов Пекиндегі Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Тамыз 2008
  • 673
Фото - Caravan.kz

Пекин Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде біздің спортшымыз ресейлік Асланбек Куштовтан 10:0 есебімен жеңілген болатын. Бірінші ынталандыру белдесуінде италиялық Timoncini Daigoro-дан 4:0 есебімен басым түсті. Екінші белдесуінде 5:4 есебімен литвалық Ezerskis Mindaugas-ды жеңді. Ал үшінші «жекпе-жегінде» ол чехиялық спортшымен кездесіп, екі партияда жеңіске жетті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Әсет Мәмбетов 1982 жылдың 10 маусымында дүниеге келген. Алматы қаласының атынан сынға түседі. Қазақстанның грек-рим күресінен спорт шебері. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. «Гран-при» сериясының халықаралық турнирлерінің жеңімпазы. Марат Тұрлыханов пен Жаңабай Оспановтардың жетекшілігімен жаттығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар