"Қазақтар сатып алған": Махмұт Сабырхан мен өзбекстандық Мұзафаровтың жекпе-жегінен соң өзбектер не жазып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтар сатып алған": Махмұт Сабырхан мен өзбекстандық Мұзафаровтың жекпе-жегінен соң өзбектер не жазып жатыр

"Қазақтар сатып алған": Махмұт Сабырхан мен өзбекстандық Мұзафаровтың жекпе-жегінен соң өзбектер не жазып жатыр

Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан өзбекстандық Шахзод Мұзафаровпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша турнирдің финалына  жолдама алды. 

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 11 Қараша 2022
  • 95
Фото - Caravan.kz


Алайда, жартылай финалдық жекпе-жектен соң өзбек көрермендері өзгеше пікір айта бастады. Олар тіпті "қазақтар төрешілерді сатып алды" дегенді айтуда. Жалпы кеше өзбекстандық екі боксшы қазақстандық боксышылардан жеңіліс тапты.  

"Өзбек командасына не болды? Қазақтардан әдейі жеңілдіретіндей не күн туды?" "Қазақ әділ ойнап тұрған жоқ. Ал, ол үшін өзбекке ескерту бере береді" "Үш раундта да өзбек айқын жеңіп тұрды. Төрешілерді жазалау керек. Бұл — бокстағы масқара!" "Осылай күресті сатып алатын болған соң, әрине, Қазақстанда бокс дамымайды" деген пікірлер  жазылуда.

Соңғы жаңалықтар