«Қазақтың Ломанченкосы» Махмұт Сабырхан финалдық жолдаманы өзбек қарсыласынан жұлып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Қазақтың Ломанченкосы» Махмұт Сабырхан финалдық жолдаманы өзбек қарсыласынан жұлып әкетті

«Қазақтың Ломанченкосы» Махмұт Сабырхан финалдық жолдаманы өзбек қарсыласынан жұлып әкетті

Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 54 келі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан қарсыласы өзбекстандық Шахзод Музафаровтан басым түсіп, финалға жолдама алды.

  • 10 Қараша 2022
  • 838
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Үш раундық кездесу Махмұт Сабырханның айқын басымдығымен өтті. Үш раунд бойы өзбек боксшысына мүмкіндік бермеді. Сондай-ақ 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай да үндістандық қарсыласынан басым түсіп, финалдық сайысқа жолдама алды.

Еске салсақ, Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кездесулері өтуде. Бұл күні шаршы алаңға қазақстандық 12 боксшы шығады.


Соңғы жаңалықтар