Қазақтың шахматшы қызы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың шахматшы қызы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болады

Қазақтың шахматшы қызы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі болады

Динара Сәдуақасова – Қазақстан мен Орталық Азия шахматшылары арасында рейтингі ең жоғары гроссмейстер

  • 16 Қараша 2017
  • 659
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ерікті елшісі атанбақ. 

ЮНИСЕФ-тің құрметті атағы 1954 жылдан бері беріліп келеді. Ұйым балалардың құқығын қорғауға үлес қосып жүрген танымал адамдардың көмегімен балалар проблемасына назар аударуды көздейді. 

Динара Сәдуақасова – Қазақстан мен Орталық Азия шахматшыларының арасында рейтингі ең жоғары халықаралық гроссмейстер. Ол әлемдік рейтингте 23-ші орын алған. 

"Динараның ерікті елші болып тағайындалуы Қазақстандағы мұқтаж балалардың проблемасына назар аударуға мүмкіндік береді", — деп санайды ЮНИСЕФ.


2009 жылы әнші әрі композитор Батырхан Шүкенов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанған еді.

Соңғы жаңалықтар