«ҚазМұнайГаз» кубогі шағын футболдан өткен жарыс жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазМұнайГаз» кубогі шағын футболдан өткен жарыс жеңімпаздары марапатталды

«ҚазМұнайГаз» кубогі шағын футболдан өткен жарыс жеңімпаздары марапатталды

Бүгін елордадағы №28 мектепте «ҚазМұнайГаз» компаниясының кубогі үшін шағын футболдан ұйымдастырылған республикалық балалар мен жасөспірімдер турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 619
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шара 31 мамыр — Балаларды қорғау күні қарсаңында және тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қазақстанның футбол федерациясы, Астана қалалық білім басқармасы мен «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырды. Жарысқа еліміз бойынша 60-тан астам орта мектеп оқушылары қатысты. Балалардың жолақылары мен олардың күнделікті жүріп-тұруына кететін шығындарды «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес компаниялары «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл» компаниялары мойнына алды.

Қазақстанның футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катковтың айтуынша, жастар спортты неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым олардың жетістіктері де үлкен болады. «Ал бүгінгідей спорттық додалар елімізде көп болған сайын спортсүйер қауым қатары да арта түседі. Сондай-ақ бүгінгі турнирді дер кезінде ұйымдастырылған игі шара деуге болады. Өйткені ол біздің болашақ футболшыларымыз үшін спорттағы даңғыл жол іспеттес. Жарысқа қатысып жатқан жастар бүгін өздерін шын спортшы ретінде сезініп отыр. Оның үстіне өздерімен жасты көптеген балалармен танысып, көп нәрсені таныды»,-деді вице-президент.

Сондай-ақ оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» сияқты компаниялардың еліміздің көптеген аймақтарында түрлі спорт алаңдарын салуы халық үшін жасалған игілік. Өйткені спортпен айналысатын орынның болуы көпшіліктің спортқа деген ықыласын арттырады.

Жарыс соңында шараны ұйымдастырушылар жеңімпаз командаларға құнды сыйлықтар тапсырды.

Соңғы жаңалықтар