Қостанайлықтардың қарсыласы Түркия Суперлигасында өнер көрсететін Орду қаласының «Ордуспор» командасы болмақ.
4 қаңтар күні Костанай-Челябинск-Мәскеу бағыты арқылы Түркияға аттанған «Тобылды» бұл жиынға жаңадан тағайындалған бас бапкер Сергей Масленов бастап барды. Сиде қаласындағы «Blue Waters» мейманханасына жайғасқан олар алғашқы жаттығуды 6 қаңтарда бастаған еді. 22 қаңтарға дейін 4 кездесу өткізу жоспарланып отыр. Түркиялықтардан кейінгі қарсыластары Украина мен Ресей командалары болмақ.