Қостанайда бокс орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бокс орталығы ашылады

Қостанайда бокс орталығы ашылады

Қостанай қаласында бокс орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Маусым 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бүгін Гашек көшесіндегі картинг-орталық базасында Қостанай облыстық Бокс федерациясының отырысы өтті. Шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, федерацияның атқарушы комитетінің және жаттықтырушы-оқытушылық құрамы қатысты.

«Қостанай қаласында бокс спортын дамыту үшін кешенді шаралар қолға алынбақ. Солардың бірі — биыл қаладағы картинг-орталық базасында бокс орталығын құру жоспарланып отыр. Мұнда өңірдегі жасөспірімдер де, осы спортпен шұғылданып жүрген былғары қолғап иелері де жаттығып, жарыстарға қатыстырылады», — делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Бүгінгі отырыста облыстағы бокс қауымдастығы президенті лауазымына Қостанай қаласы әкімі Қайрат Ахметов ұсынылып, оның үміткерлігі бірауыздан қолдау тапты.


Соңғы жаңалықтар