Жарияланды: 670

ҚР ауыр атлетика федерациясы А. Өтешов пен Ж. Қыдырбаевтан допинг анықталуы фактісіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚР ауыр атлетика федерациясы А. Өтешов пен Ж. Қыдырбаевтан допинг анықталуы фактісіне қатысты мәлімдеме жасады

2015 жылдың 24 желтоқсанында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допинг-қадағалау бойынша зертханалық талдаулар нәтижесі негізінде қазақстандық спортшылар  - Алмас Өтешевті, Жасұлан Қыдырбаевты және Ермек Өміртайды уақытша спорттан шеттету шешімін шығарды. Яғни олар допингке қарсы ережені бұзуы мүмкіндігіне байланысты халықаралық жарыстарға уақытша жіберілмейтін болады.

2015 жылы Хьюстонда Әлем чемпионатынан кейін спортшылардан алынған допинг-қадағалаудың «А» сынамаларында тыйым салынған анаболитикалық андрогендік стероид анықталды.

«Аталған фактіге байланысты тиісті ведомстволар мен қазақстандық федерацияның ішкі тексеру шараларын жүргізуі жоспарланып отыр»,-деп атап өтілген федерация мәлімдемесінде. 

Оның нәтижесі бойынша «Б» сынымасын ашуға сұрау жіберу мүмкіндігі туралы және апелляцияға беру шешімі қабылданады.

Сонымен қабар IWF тексеруі де жалғасады. Оның қорытындысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен ҚР ауыр атлетика федерациясының сайттарында хабарланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін