ҚР үкімет басшысы туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің төрағасымен кездесуде Қазақстандық спортшылардың Афины қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің төрағасымен кездесуде Қазақстандық спортшылардың Афины қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық мәселесін талқылады

ҚР үкімет басшысы туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің төрағасымен кездесуде Қазақстандық спортшылардың Афины қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық мәселесін талқылады

Бүгін, 28-қаңтарда үкімет басшысы Даниал Ахметов ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов пен Халықаралық күрес федерациясының президенті Рафаэль Мартинеттиді қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 616
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде қазақстандық спортшыларды 2004-жылы Афины қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дайындау жұмыстарының барысына қатысты мәселелер талқыланды.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Д.Тұрлыханов үкімет басшысын грек-рим және еркін күреспен айналысушы спортшылардың олимпиада лицензияларын жеңіп алуы және алдағы Олимпиадада жоғары табысқа қол жеткізуі үшін жасалып жатқан жұмыстар жайында хабардар етті. Д.Ахметов қазақстандық палуандардың Сиднейде өткен Олимпиадада ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмауына өкініш білдіре отырып, келесі Олимпиадада алтын жүлделерді жеңіп алу үшін қолда бар мүмкіндіктерді аямау қажеттігін атап көрсетті.
Үкімет басшысымен кездесуге қатысқан Швейцариялық құрылыс компаниясының басқарушы директоры Эккехард Шиндхелм үкімет басшысына Қазақстанда қысқа мерзімде салуға мүмкіндік бар спорт нысандарының жобасын таныстырды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысы Швейцариялық құрылысшыларға әлемдік деңгейдегі велотрек құрылысының жобасын жасап осы бағыттағы тендерге қатысуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар