ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тимур Досымбетов өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тимур Досымбетов өмірден озды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тимур Досымбетов өмірден озды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Тимур Досымбетов 58 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 533
Фото - Caravan.kz


Бұл ақпаратты Штаттық Ұлттық командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов хабарлады. 

Небәрі 25 жасында Тимур Досымбетов бессайыстан Әлем чемпионы атанған. 
1990 жылдан бері оның өмірі мен қызметі Ұлттық Олимпиада Комитетімен байланысты болды. 
1982 жылы КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, Мемлекеттік телерадионың суперкубогының иегері, Таллиндегі қысқы чемпионаттың жеңімпазы, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдастығы төрағасының орынбасары. «Астана» (1998), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар