Қуат Хамитов Арман Оспановты жеңген бразилиялықтан кек алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуат Хамитов Арман Оспановты жеңген бразилиялықтан кек алмақ

Қуат Хамитов Арман Оспановты жеңген бразилиялықтан кек алмақ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов отандасы Арман Оспановтың (8-1) бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силвадан (13-5) жеңіліп қалғанына ызалы, деп хабарлайды Sports.kz.

  • 10 Қыркүйек 2017
  • 700
Фото - Caravan.kz

«Екі апта бұрын жергілікті ұйымдастырушылар маған Қазақстанда айқас өткізуді ұсынды. Мен оған аса қызыға қойған жоқпын, бірақ бразилиялықтың бүгінгі жеңісінен кейін қызыға бастадым және жерлесіміздің кегін қайтаруды қалаймын! Жеңіл салмақтағы Қытайдың үздік аралас жекпе-жек шеберінің айқасын көрсететін уақыт келді! Ұйымдастырушылар, осы жекпе-жекті ұйымдастырыңыздар!» — деп жазды Хамитов Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, Оспанов кеше Алматыда өткен ММА Absolute Championship Berkut 69 жекпе-жек кешінде бразилиялық Силвадан жеңіліп қалған болатын. Бұл Арманның өз мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.



 

Соңғы жаңалықтар