Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты

Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты

"Найманның" пікірінше, Головкин Альваресті бір рет нокдаунға жіберетін болса, жеңіске жетеді

  • 4 Қыркүйек 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

 Танымал ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Кім жеңетінін айту қиын, өйткені алғашқы жекпе-жекте екеуі де қарсыласын сезіне білді, қателіктерін көрді. Екінші жекпе-жекте олар едәуір сақ жүреді және бір-бірінен қорықпайды деген пікірдемін. Бұған дейін екі нокдаун жайлы айтқан едім, алайда егер Геннадий алғашқы жекпе-жектегідей алға ұмтылып, "Канелоны" нокдаунға жіберетін болса, ол жеңеді деп ойлаймын. Альварес көп қимылдап, көп соққы жасаса керек", — дейді ММА шебері.

Хамитов атап өткендей, алғашқы жекпе-жектің басында мексикалық сергек көрінгенмен соңына қарай шаршап қалып, қашып жүрді, есесіне көп соққы жіберіп алды.


"Қос боксшының командасы осыдан қорытынды шығарып, қателерін түзейді, сондықтан бізді тамаша жекпе-жек күтіп тұр. Меніңше, бұл жыл-жекпе жегі болады", — деп пікір білдірді "Найман"

 

Соңғы жаңалықтар