Қуат Хамитовтың есесін қайтара ма?"Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуат Хамитовтың есесін қайтара ма?"Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады

Қуат Хамитовтың есесін қайтара ма?"Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады

 

  • 29 Желтоқсан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық файтер Фаниль Ноғай Рафиков әзірбайжандық Нариман "Шыңғысхан" Аббасовпен жекпе-жеке шығатын боды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аббасов AMC Fight Night ұйымының бұрынғы чемпионы. Dana White Contender Series турнирінде ол UFC келісімшарты үшін Исмаэль Бонфимамен жұдырықтасты, алайда жеңіліп қалды да ең әйгілі промоушенге өте алмады.

Айта кетейік, 2019 жылы Аббасов пен қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов AMC Fight Night белбеуін сарапқа салған болатын. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен есе жіберді.

Рафиков болса Naiza лигасының чемпионы болған. Кейінгі айқасында "Қазақстандық МакГрегор" атанып кеткен Фаниль бразилиялық Бонифаций Сильваны 23 секундта нокаутқа түсірген еді.


Рафиков — Аббасов жекпе-жегі 2023 жылдың басында өтетін NAIZA 50 турниріне жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар