Жарияланды: 172

Қуат "Найман" Хамитов салмағын арттырып жібергені үшін ескерту алды

Қуат "Найман" Хамитов салмағын арттырып жібергені үшін ескерту алды ]

ММА ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов атақ үшін Магомедсайгид Алибековқа қарсы жекпе-жегін ресми ескертуден бастайды, - деп хабарлайдыfightnights.ru.

Жеңіл салмақ бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек бүгін, 21 сәуірде Ресейдің Владивосток қаласында өтеді. FIGHT NIGHTS GLOBAL 63 аясындағы турнир Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

Ресми ескерту Хамитов жекпе-жекті төрешілер кестесіндегі бір ұпайы шегерілетінін білдіреді.

Бір келі салмақ артық болуға рұқсат етілген, алайда, өлшену кезінде Хамитовтың салмағы 71,7 келі болған. Алибековтың салмағы аздап артық болғанмен, шектен аспаған - 70,7 келі.

Еске салайық, осы жекпе-жектен кейін Хамитов Қазақстанға патша болып оралатынын айтқан.

 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]