Қырғызстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатына қайта жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатына қайта жіберілді

Қырғызстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатына қайта жіберілді

Астанада өтіп жатқан дәстүрлі көкпар ойынынан әлем чемпионатында Қырғызстан құрамасы әуелде ойыннан шеттетіліп, кейін Қырғызстан жағының қарсылығынан соң қайта жіберілді. Жарысты ұйымдастыру комитеті 21 тамызда басында Қырғызстан құрамасы аттарының артқы тұяқтары тағаланған деп, ойынға қатыстырмай қойған.

  • 22 Тамыз 2017
  • 428
Фото - Caravan.kz

Жеребе бойынша Қырғызстан құрамасы алғашқы ойынды Моңғолиямен өткізуі тиіс болған. Бірақ Құрғызстан құрамасы аттарының тағасын шешуден бас тартқандықтан бұл ойынға жіберілмей, жеңіс Моңғолия құрамасына берілген.

Қырғызстан құрамасы көкпар ойынында тұяғы тағаланған атпен көкпар ойынына қатысуға болмайтыны туралы ережені бұрын-соңы естімегенін айтып, бұған наразылық ретінде жарысқа мүлдем қатыспайтынын мәлімдеген соң судья олардың жарысқа аттарының тағасын алмастан қатысуына рұқсат берді. Алғашқы ойында Қырғызстан құрамасы Моңғолияны 4-0 есебімен ұтты.

Көкпардан әлем чемпионатына 12 мемлекет — АҚШ, Ауғанстан, Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан көкпар құрамалары қатысып жатыр.


Чемпионатта көкпаршылар дәстүрлі ойында тартатын басы кесілген серкенің орнына үлкен резеңке шар тартып ойнап жатыр. Жарыс 28 тамызға дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар