Қыркүйек айында елімізде денсаулық және спорт фестивалі басталады
ҚР үкіметінің ұйымдастыруы, әкімшіліктер, әртүрлі министрліктер мен мекемелердің қолдауымен 27-қыркүйекте жалпы Қазақстандық денсаулық және спорт фестивалі басталады деп межеленген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы әкімі аппаратының спорт және денешынықтыру комитетінен хабарлады. |
Фестиваль еліміздің барлық облыстарында бір уақытта басталады деп күтілуде. Республикалық шараға балалар мен жасөспірімдердің спорт қоғамдары қатысады. Фестиваль аясында әртүрлі байқаулар мен спорттық бәсекелер өткізіледі.
Фестивальді өткізудегі мақсат - белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, республика үкіметі алдағы уақытта да осындай бүкілхалықтық шаралар өткізуге қолдау жасамақ ниетте.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін