Қыркүйек айында елімізде денсаулық және спорт фестивалі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айында елімізде денсаулық және спорт фестивалі басталады

Қыркүйек айында елімізде денсаулық және спорт фестивалі басталады

ҚР үкіметінің ұйымдастыруы, әкімшіліктер, әртүрлі министрліктер мен мекемелердің қолдауымен 27-қыркүйекте жалпы Қазақстандық денсаулық және спорт фестивалі басталады деп межеленген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы әкімі аппаратының спорт және денешынықтыру комитетінен хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 599
Фото - Caravan.kz

Фестиваль еліміздің барлық облыстарында бір уақытта басталады деп күтілуде. Республикалық шараға балалар мен жасөспірімдердің спорт қоғамдары қатысады. Фестиваль аясында әртүрлі байқаулар мен спорттық бәсекелер өткізіледі.

Фестивальді өткізудегі мақсат — белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, республика үкіметі алдағы уақытта да осындай бүкілхалықтық шаралар өткізуге қолдау жасамақ ниетте.

Соңғы жаңалықтар