Қытай чемпионы болған қазақстандық боксшы филиппиндікті жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай чемпионы болған қазақстандық боксшы филиппиндікті жеңді

Қытай чемпионы болған қазақстандық боксшы филиппиндікті жеңді

Қытайдан тарихи Отанына оралып, алғаш рет ел намысын қорғаған Елшат Нығметоллаұлы (14-0-1,5КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

  • 13 Қазан 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Елшат Алматы қаласында өткен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, филиппиндік боксшы Ардин Диалемен (35-14-4,17КО) 8 раунд бокстасты. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін Алматыда МТК қазақстан промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтті. Бокс кешінде 8 қазақстандық және 1 өзбекстандық жас боксшылар рингке шығып, барлығы қарсыластарынан басым түсті.

25 жастағы Елшат Нығметолла 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын. Араға бір жыл алып ол Қазақстан азаматы атанып, бүгін кәсіби рингте алғаш рет ел намысын қорғады.


Соңғы жаңалықтар