Қытайда су добынан Әлем чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда су добынан Әлем чемпионаты өтеді

Қытайда су добынан Әлем чемпионаты өтеді

Қытайдың Шанхай қаласында 16-30 шілде күндері су добынан Әлем чемпионаты өтеді. Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы бұл дүбірлі додаға дайындықтағы соңғы оқу-жаттығу жиынын Алматыда өткізген болатын.

  • 14 Шiлде 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Сергей Дроздов жаттықтыратын ерлер құрамасы Әлем чемпионатында жүлделі орынға таласатын үміткер боп саналмайды. Олар бұл сында Венгрия, Испания және Черногория спортшыларымен бір топта өнер көрсететін болады. Ал әйелдер құрамасы болса АҚШ, Венгрия және Голландиядан келген құрбыларымен күш сынаспақ. Жалпы, 2009 жылы Рим қаласында өткен соңғы Әлем чемпионатында 16-шы орын алған болатын.

Қазақстандық су добы шеберлері үшін қазіргі таңда Әлем чемпионатынан көрі 2012 жылы қаңтар айында Жапонияда өтетін Азия чемпионатының маңызы ерекше болып отыр. Олимпиада ойындарының іріктеу жарысы ретінде онда Лондонда өтетін дүбірлі доданың жолдамасы сарапқа салынбақ.

Соңғы жаңалықтар