Жарияланды: 360

Қытайда жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтуде

Бүгін Қытайдағы Хайкоу қаласында биылдыққа үшінші рет жағажай волейболынан Азия чемпионатының жалауы көтерілді.

Оған бұл жолы ерлер арасында - 20, әйелдер арасында - 13 команда қатысуда. Онда Қазақстан намысын Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұптары қорғауда. Төрт күнге созылатын ағымдағы жарысты А. Сидоренко мен А. Дьяченко «А» тобында Қытай, Индонезия, Жаңа Зеландия мен Гонконг, Д. Яковлев пен А. Кулешов «С» тобында Малайзия, Астралия, Сингапур, Жаңа Зеландия спортшыларымен өткізбек. Ал Т.Макова мен И. Цимбалова Қытай, Гонконг және Сингапур қыздарымен «Д» тобында өнер көрсетпек. Бұл байрақты бәсекеде Татьяна мен Ирина былтыр тоғызыншы орын алса, 2010 жылы күміс жүлдегер атанған болатын. Ал Алексей мен Александр былтыр қола жүлдегер болып, Дмитрий мен Алексей үздік бестікті түйіндеді. Ал алдыңғы жылы олар 4-5 орынды өзара бөліскен еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін