Жарияланды: 620

Қытайдағы Гран-приге Қазақстаннан тоғыз зілтемірші қатысады

Қытайдағы Гран-приге Қазақстаннан тоғыз зілтемірші қатысады

21-23 қыркүйекте өтетін Қытай Гран-приіне елден 9 зілтемірші қатысады.

Қытайда ауыр атлетика бойынша Гран-при  Риодағы Олимпиада ойындарының алдындағы лицензиялық бәсеке  мәртебесіне ие. Қазақстаннан бұл турнирге тоғыз спортшы қатысады: Фархад Харки (69 келі), Ким Александр (69 кг), Павлов Кирилл (77 кг), Казов Айдар (77 кг), Линдер Семен (85 келі), Ниджат Рагимов (85 келі), Сәдуақасова Сәуле (63 келі), Сиванбаева Фаина (69 келі), Садықова Әсем (69 келі).

«Бұл турнир лицензиялық болып табылады. Сондықтан негізгі міндетіміз алда өтетін Риодағы Олимпиада ойындарына жолдама алу. Жүйе былай: Олимпиадаға қатысу үшін кем дегенде екі лицензиялық ойынға қатысу қажет. Өткен жылы біздің жігіттер Азия ойындарына, Әлем чемпионатына қатысты, биыл Перудегі жастарға арналған Әлем чемпионаты өтті, алда Қытайдағы Гран-при. Хьюстонда ӘЧ және осы жылғы желтоқсанда Грозныйда лицензиялық турнир өтеді. 2016 жылы  Олимпиада ойындары алдында Самарқандтағы Азия чемпионатында жетпей қалған балдарды алу мүмкіндігіміз бар. Ал ол жерде Олимпиадаға толық дайындық басталады. Сондықтан осы жылы екі балл қосуымыз қажет. Спортшыларды салмақ санаты бойынша үш топқа бөлдік: біреуі Қытайға (ерлер 85 келіге дейін, әйелдер 69 келіге дейін), екіншісі Әлем чемпионатына дайындалуда, үшіншісі Грозныйда өз күшін сынайтын болады (ерлерде 94 келі және одан жоғары, әйелдер 75 келі және одан жоғары)», - деді алдағы өтетін жарыстар жайлы Қазақстан ауыр атлетика бойынша ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни.

Оның айтуынша, Қытайға күллі әлемнен жиналады, ұйымдастырушылар сыйлыққа - 8000, 5000 және тиісінше 3000 доллар бөліп отыр.

«Бұл турнирде арнайы талап қоймаймыз. Бұл спортшылардың танып-білу, бапкерлік штабтың барлау жолы. ӘЧ құрамын, кім, қанша көтеретінін бағамдаймыз»,- деп атап өтті А. Ни.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін