Қызылордада «Былғары доп» турнирінің облыстық финалы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Былғары доп» турнирінің облыстық финалы болып өтті

Қызылордада «Былғары доп» турнирінің облыстық финалы болып өтті

Кеше Қызылордада 1998-1999 жылдары туған (3-ші кезең) жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп - 2011» жүлдесіне арналған облыстық шешуші жарыс мәреге жетті.

  • 13 Маусым 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық балалар және жасөспірімдер футбол лигасының ұйымдастыруымен 9-12 маусым аралығында өткен бұл дәстүрлі додаға Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен жеті ауданнан 9 команда, 162 спортшы қатысты.

Жарыс биылғы жылы да әдеттегідей 3 жас ерекшеліктері бойыншы өткізілді. Оның ішінде 2000-2001 жылдары туған кішілір тобының ақтық айқасы 4-8 мамырда Арал қаласында өткен еді. Сол сияқты 1996-1997 жылдары туған үлкен топ командаларының сайысы шілде айында Жалағаш кентінде өтеді.

Ал 1998-1999 жылдары туған ортаңғы топтағы жасөспірімдер арасындағы бұл жарыста бірінші орынды Қызылорда қаласындағы № 10 орта мектептің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Арал ауданындағы №62 орта мектептің балғын футболшылары ие болды. Үшінші орынға Жалағаш ауданы №31 орта мектептің, төртінші орынға Қазалы ауданы №104 орта мектептің жасақтары шықты.

Турнир қорытындысында «Үздік қақпашы» атағын Дархан Жәріш (Қызылорда), «Үздік қорғаушыны» Қалтай Ибрагим (Қазалы ауданы), «Үздік жартылай қорғаушыны» Айдар Ахметов (Арал ауданы) және «Үздік шабуылшыны» Нұрсұлтан Әбду (Қызылорда) иемденді.

Соңғы жаңалықтар