Жарияланды: 600

Қызылордада қолданбалы өрт спортынан турнир өтеді

19-20 маусымда Қызылорда спорт кешенінде қолданбалы өрт спортынан республикалық турнир өтеді . Бұл турнир ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің шаралары жоспарына қамтылған .

Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің Қызылорда облыстық басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бермағамбетовтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, турнирге Қытай, Ресей, Өзбекстан, Монғолия және Республиканың 14 облысы мен Алматы және Астана құрамалары қатысады. Турнирдің бір ерекшелігі сол, оның жеңімпаздары 27-маусымда Санкт-Петербургте өтетін бүкілхалықтық турнирге қатысушы републикалық құрамаға қамтылмақ. Қызылорда облысының өртпен күрес қызметінде 2002-жылы 527 адам , ал 2003-жылы 590 адам еңбек етті. 2002-жылы облыста 52 өрт оқиғасы, ал 2003-жылы барлығы 65 өрт оқиғасы тіркелді. Марат Бермағамбетовтың айтуынша, Қызылорда облысында 2003-жылы өртке қарсы күрес қызметін пейджерлік байланыспен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін