Жарияланды: 510

Қызылордадағы Т.Сегізбаев турнирі мәреге жетті

Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың жүлдесі үшін 1996-1997 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир аяқталды.

Дәстүр жарысқа Қызылорда қаласы мен жеті ауданнан 9 команда қатысты. Оның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойыны негізінде олардың денсаулығын нығайтып, спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың шеберлік деңгейінің жоғарылауына, спорт секцияларының жоғары дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуді қамтамасыз ету, жас футболшылар мен ардагер футболшылар арасында сабақтастықты жалғастыру болды. Турнирдің қорытындысында бірінші орынға Қызылорда қаласының, екінші орынға Қызылорда қаласы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектебінің, үшінші орынға Қазалы ауданының командалары ие болды. Турнир бірнеше аталым бойынша жекелеген үздік ойыншыларды анықтады. Соның нәтижесінде «үздік қақпашы» атағын - Сәрке Тәуекел (Қызылорда), «үздік қорғаушыны» - Ержан Шапағатов (Жалағаш), «үздік жартылай қорғаушыны» - Мұхтар Мейрамбекұлы (Қызылорда), «үздік шабуылшыны» - Нағымет Мейрамбек (Қазалы), «ең көп гол соққаны үшін» жүлдесін - Еркебұлан Жұмабай (Қызылорда), «үздік ойыншы» атағын Әлімжан Белгібаев (Қызылорда) жеңіп алды. Олардың бәріне арнаулы марапаттарды Тимур Сегізбаевтың өзі тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть