Қызылордалық екі өрен самбодан Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық екі өрен самбодан Азия чемпионы атанды

Қызылордалық екі өрен самбодан Азия чемпионы атанды

Үстіміздегі жылғы 1-6 маусым аралығында Ташкент қаласында өткен самбодан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында қызылордалық екі балғын палуан чемпион атанды.

  • 7 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық спорт және туризм басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады.

Біріншілікке барлығы 22 мемлекет қатысты. Жарыс жасөспірімдер арасында 10 салмақта, жастарда 9 салмақта өткізілді. Жалпы, Сыр бойынан бұл дүбірлі жарысқа 3 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 қола медаль иеленді. Олардың арасында жасөспірімдер қармақшылық Гүлайлым Нұрмаханова (40 келі) мен түгіскендік Мереке Құдайбергенова (75 келі) алтыннан алқа тақты. Ал жастар арасында Гүлжазира Махамбетжанова (48 келі, ЖШСМ) үшінші орынды иеленді.

Спортшыларды жарысқа Бақберген Тәтімбетов, Марат Асылов, Гүлжан Жұманова мен Жамал Бозова дайындады.

Соңғы жаңалықтар