Қызылордалық шахматшы Назерке Нұрғали Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді
![]() |
Үстіміздегі жылдың 3-11 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы шахматшылар арасында Азия чемпионаты өтті. |
Дүбірлі додаға 16 мемлекеттен спортшылар қатысты. Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынап, жалғыз медальді қызылордалық Назерке Нұрғали еншіледі. 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Назерке швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турда 6 ұпай жинады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Үстіміздегі жылдың 24 қазан-7 қараша аралығында Грецияда жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатының алдында 16-28 тамыз күндері Алматыда болатын Қазақстан кубогының 4-ші кезеңіне № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Назерке Нұрғали, Самал Әбдуәли, Әсел Серікбай және Сұлтан Аманжолдар қатысып, шеберліктерін шыңдайды.



Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін