Қызылордалық велошабандоздар республикалық көпкүндікте үшінші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық велошабандоздар республикалық көпкүндікте үшінші болды

Қызылордалық велошабандоздар республикалық көпкүндікте үшінші болды

Қызылорда облысының велошабандоздары Петропавл қаласында велоспорттан КСРО спорт шебері Валентин Мезеваны еске түсіруге арналған 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы көпкүндікте командалық үшінші орын алды.

  • 29 Маусым 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Он сегізінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарынан 19 команда, 125 велошабандоз қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы жеке есепте және 25 шақырымдық жеке жарыс пен 38 шақырымдық критериумда Әзен Мади екінші орынды иеленсе, 69, 80 шақырымдық топтық жарыстарда Нұрымжан Аманов үшінші орынды алды. Ал 50 шақырымдық командалық жарыста Нұрымжан Аманов, Жанат Саламат, Әзен Мәди, Нұрғали Данияр, Дәуренбек Төрехан, Нұрлыбек Абдугафаровтар үшінші орынды иеленді.

Облыстық велоспорт балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Руслан Ягафаров, Станислав Огнев, Руслан Мұратбеков дайындады.

Осы уақыт аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында велоспорттан (шоссе) жастар және ересектер арасында Қазақстан Республикасының III жазғы Спартакиадасы өтті. Аталмыш жарыста қызылордалық спортшылар 130 шақырымдық топтық жарыста Жақсылық Пазылбек екінші орынды жеңіп алса, 75 шақырымдық командалық жарыста Николай Иванов, Асхат Қабдаш, Жақсылық Пазылбек, Нағи Абдулдаев қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар