Жарияланды: 620

Райымбек ауданында балалар арасында бокстан жарыс өтуде

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында осы ауылдың құрметті азаматы Тілек Юсуповтың жүлдесі үшін балалар арасында бокстан сайыс өтіп жатыр.

Маусымның 2-сі күні жалауын көтерген жарысқа Алматы облысы бойынша 14 команда қатысып, 115 былғары шеберлері сынға түсуде. 9-15 жас аралығындағы балалар арасында өтіп жатқан бұл дода 21 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік мекемесінің директоры, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, Білім ісінің үздігі Бекболат Бірбаевтың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты - біріншіден, ауданға қолұшын беріп жүрген осы ауылдың тумасы Т.Юсуповқа деген құрмет болса, екіншіден жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырып, олардың спортқа деген ынтасын нығайта түсу. "Ауылымыздан түлеп ұшқан Т. Юсупов қазір Алматыда кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Алайда ол ауылын естен шығармай, әрқашан жәрдемдесіп, түрлі шараларда демеушілік жасап, ауылдың өркендеуіне атсалысып жүрген азамат", -дейді Б.Бірбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть