"Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты

"Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты

"Корольдік клуб" "Баварияға" қарсы өткен қарымта кездесуде 2:2 есебімен тең ойнады.

  • 2 Мамыр 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Мадридтің "Реал" футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты. Финалдағы қарсыласы бүгін түнде анықталады.

"Корольдік клуб" "Баварияға" қарсы өткен қарымта кездесуде 2:2 есебімен тең ойнады. Йозуа Киммих жылдам гол соғып, есеп ашты. 11 минутта Карим Бензема таразы басын теңестірді.

Екінші тайм басында мюнхендік клуб қақпашысы Свен Ульрих қателесті. Шабуылшы Бензема бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, дубль жасады. 63 минутта Хамес Родригес есепті теңестірді. Колумбиялық ойыншы соққан голын тойлаған жоқ.

Одан кейінгі аралықта есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша мадридтік команда финалға жолдама алды.
 

"Реал" өз тарихында 7-ші рет финалға шығып, рекорд жаңартып отыр. Соңғы екі жылда жеңімпаз атанды. Зиннедин Зидан командасымен биыл да қарт құрлықтың басты додасында топ жарсақ дейді. Финал 26 мамыр күні Киевтегі "Олимпийский" стадионында өтеді.

Айта кетейік, жартылай финалдағы "Рома" мен "Ливерпуль" командалары арасындағы кездесу бүгін түнде өтеді. Бірінші ойында ағылшындық клуб 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар